Арқалықта «Абай күнін» мерекелеу аясында «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты қоғамдық дәріс тыңдалды.
«Жақыныңа кітап сыйлы» акциясы жалғасып жатыр
Бүгін «AMANAT» партиясы ҚОФ төрағасының орынбасары Жанар Куйшинова акцияға қолдау білдіріп, «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабын, жақын құрбысы «Қостанай таңы» газетінің директор-бас редакторы Кенжеш Амановаға сыйға тартты.
«Ұлы дала»: «AMANAT» партиясының дәстүрлі байқауы бастау алды
«AMANAT» партиясы дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының басталғанын хабарлайды. Биыл әдеби конкурс көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өтеді.
Қостанайда жәрмеңке өтті
“AMANAT” партиясы облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қостанайдың орталық алаңында жастар мен халық арасындағы жұмыссыздықты азайтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Депутат Қостанайдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «АМАNАТ» партиясы фракциясының депутаты Екатерина Смышляева Қостанай қаласының орталық және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына барды деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.
«Tomiris» жобасы: 2024 жылға өтінімдерді қабылдау басталды
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойынша «Tomiris» жобасына қатысу үшін өтінімдердің қабылдана басталғаны туралы хабарлайды. Бұл жобаның мақсаты – әйелдердің саяси және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысуын кеңейту.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалы журналистер қауымын марапаттады
Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өңірдің бетке ұстар қоғамдық ақпараттық сала қызметкерлерін партияның облыстық филиалы төрағасы Алмат Досмұхамедов пен облыстық мәслихат депутаты Анатолий Злой құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Үкіметтен жыл соңына дейін «UPOV» ұйымына мүше болу бойынша нақты жол картасын әзірлеуді сұраймыз – депутат
Мәжіліс депутаты «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғаумен айналысатын халықаралық ұйым туралы айтты.
«AMANAT»: «Дәрігер Talks» диалог алаңында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Еліміздің барлық өңіріндегі 300-ден астам дәрігер, медбикелер, оқытушылар, ғалымдар, медициналық ұйымдардың басшылары, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен сарапшылар «AMANAT» партиясының «Дәрігер Talks» диалог алаңында бас қосты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
«AMANAT» партиясының 108 белсендісі «Таза бейсенбі» акциясына атсалысты
Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады. Бүгін партияның 108 мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері облыс бойынша аумақтарды тазалауға бір кісідей атсалысты.