Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс беруші есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бес балалы отбасыға бес бөлмелі баспана тарту етілді
“Арқалық” қайырымдылық қоры көп балалы жас отбасыға қамқорлық жасап, қала іргесіндегі Северный кентінен бес бөлмелі үй сатып әперді.
Өңірде үйлері тұруға жарамайтын тұрғындардың жартысына жуығы баспанамен қамтылды
Қостанай облысында баспаналары қалпына келтіруге келмейтін тұрғындардың 43,7%-ы жаңа үйге қоныстанды.
Қостанай облысында тасқын судан зардап шеккендерге 122 пәтер сатып алынды
Қазір су тасқынынан зардап шеккендердің шығыны өтеліп жатыр. Облыс әкімдігі үйі жарамсыз болып қалған азаматтарға 122 пәтер сатып алынғанын хабарлады.
Жалғызбасты анаға бес бөлмелі үй тарту етілді
Биыл Арқалық қаласында қар суы үйлеріне кіріп, көптеген тұрғынның баспанасы тұруға жарамсыз болып қалды. Жапа шеккендердің бірі – Родина ауылындағы Энтузиастер көшесінің тұрғыны Бибімәрия Біркенова.
Сәуір айындағы сұраныстағы мамандықтар белгілі болды: жүргізушілер, күзетшілер, тәрбиешілер
Сәуір айында Электрондық еңбек биржасына тоқсан мыңнан астам бос жұмыс орны және жүз мың артық түйіндеме салынған. Алдыңғы аймен салыстырғанда бос орындар саны 20%, түйіндемелер саны 35% өсті. Бұл ретте сұраныстың жартысы орта білікті қызметкерлерге тиесілі болды. Ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.
“Наурыз” ипотекасына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылады
“Наурыз” ипотекасына өтініштер маусымның аяғына дейін қабылданады. Бұл туралы “Отбасы банк” филиалының директоры – басқарушы директор Жансұлтан Матай айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
20 мыңнан астам жұмыссыз онлайн курстардан өтті
Жыл басынан бері 38,2 мың азамат, оның ішінде 21,8 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 408,3 мың қазақстандық тіркелген, оның 51,6 мыңы – 2024 жылы тіркелді. Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі таратты.
Тасқыннан зардап шеккен ауылдықтарға Қостанайдан баспана беріледі
Қостанай ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға облыс орталығындағы «Керемет» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерлерге кіреді. Бірер айда пайдалануға берілетін баспанаға сексен отбасыны қоныстандыру туралы әкімдік пен құрылыс компаниясы арасында келісім-шарт жасалған.
Ірі кәсіпкерлер Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың баспанасын қалпына келтіреді
Ірі бизнес өкілдері Қостанай облысындағы су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсетуге дайын. Олардың ішінде ADD Capital холдингінің негізін қалаушы Данияр Әбілғазин, ERG компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов, «Аллюр» және «АгромашХолдинг» компаниялары директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, сондай-ақ RG Brands басқарма төрағасы Тимур Қалтаев бар. Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынының салдарымен және алдағы қалпына келтіру […]