«Тобыл» футбол клубы мен облыстық «Қостанай таңы» газеті жаңа қайырымдылық жобасын қолға алды. «Мейірім шуағы» аталатын акция Рамазан айына орай ұйымдастырылып отыр. Мақсат – көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсету, “ерекше” балаларды қуанту.
Әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақы сомасы ұлғаяды
Әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақылардың сомасын көбейту ескеріліп отыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанайлық тоқымашының өнімдері сұранысқа ие
Халқымыздың ежелден келе жатқан мәдени мұрасы – тоқыма өнері қазіргі уақытта қайта жаңғыру үстінде. Өңіріміздің жастары да қолөнердің алуан түрімен айналысып, кәсіптерін өркеңдетіп жатыр. Солардың бірі – Әсел Мұратқызы. Ол 2017 жылдан бастап тоқыма өнерін игерген. Бүгінде оны табыс көзіне айналдырып отыр.
Тұтынушылар назарына!
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті тариф жобасын талқылау жөнінде жария тыңдау өтетінін хабарлайды: «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» МКК, 2023 жылғы 15 наурыз сағат 11:00-де Қостанай облысы, Торғай а., Қожмұханбетов көшесі, 1 үй-і, (Сарысу а.) мекенжайында магистральдық құбырлар мен тарату желілері арқылы су беру жөніндегі қызметіне қатысты. «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» МКК, 2023 […]
Әулиекөлде бойы екі метрден асатын қыз тұрады
Әулиекөл ауданында тұратын Аружан Ишанбекова – Қазақстандағы ең бойшаң арулардың бірі. 17 жастағы студенттің бойы екі метрден асады. 8 наурыз мерекесі қарсаңында Аружан анасымен бірге осы ерекшелігі туралы KAZ.NUR.KZ -ке сұхбат берді.
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА
Мағрипа Шектібаева – жеті құрсақ көтерген көп балалы ана, немере-шөбере сүйіп отырған аяулы әже. Бүгінде жасы сексеннің үшеуіне таяған. Құдай қосқан жұбайы екеуі өсіп-өнген ұрпағының ортасында бақытты ғұмыр кешіп отыр.
Лисаковта он отбасы баспаналы болды
Алғыс айту күніне орай Лисаковта қала әкімі Абай Ибраевтың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Лисаковтықтарды құттықтаған шаһар басшысы Алғыс айту күні барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, достық пен құрметінің нышанына айналғанын атап өтті.
Арқалықта жиырма құрсақ көтерген ана тұрады
Арқалық қаласының тұрғыны Қамаш Ысқаққызы – жиырма құрсақ көтерген алтын құрсақты ана. Бүгінде батыр ана немере-шөбере сүйіп, бақытты ғұмыр кешіп отыр. Қамаш апа 1939 жылы Аманкелді ауданына қарасты Чапай елді мекенінде өмірге келген. Жастайынан колхоз жұмысына қолғабыс жасап,17 жасында Социал есімді азаматпен отбасын құрды. Отағасы есепші болып қызмет етіп, өзі үй шаруашылығымен айналысты.
Бес қалада Президент резиденциясы балалар игілігіне беріледі
Президенттің Қостанай, Ақтау, Тараз, Атырау және Ақтөбедегі резиденциялары балалардың игілігіне беріледі. Ақпаратты облыстық әкімдіктер растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін желіде Мемлекет басшысының бес қаладағы резиденциялары балалардың игілігіне берілетіні туралы ақпарат пайда болды, ал жергілікті әкімдіктер бұл ғимараттарды балабақша не сауықтыру орталықтары не балаларға арналған басқа да орталықтар ете ме, мұны өзі шешеді.