1 шілдеден бастап барлық өңірде коммуналдық қызметтердің тарифтері кезең-кезеңімен өзгертіледі. Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Amanat» атынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын қолдануға көбірек құқық беріледі
1 шілдеден бастап Қазақстанда Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. 27 маусымда Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аталған құжаттың негізгі жаңалықтары туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Қостанайда көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсету сапасы арта түсті
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз басты қарияларға қамқорлық жасап, оларды қоғамға бейімдеу жұмыстарына ерекше ден қойылған. Көмекке мұқтаж азаматтар мемлекет тарапынан ұсынылған әлеуметтік қызметке кез келген уақытта жүгіне алады. Биыл Қостанай қаласында арнаулы санаттағы мүгедектерге үйлеріне барып, әлеуметтік қызмет көрсету үшін 318,6 миллион теңге бөлінді. Соңғы үш жылда аталған бағыттағы бюджет қаражаты үш есеге ұлғайған.
Қостанайда қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуге қомақты қаражат бөлінді
Қостанайда қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуге 318 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл туралы қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақбөпе Манатова айтты.
Ерте пісірілген қарбыздан қандай қауіп бар?
Дүкен сөрелері небір жеміс-жидекке толы. Соның ішінде қарбыздың пісетін уақыты болмаса да қысы-жазы сатылымда бар. “Мерзімінен ерте піскен бұл қандай жеміс, оның бойы тұнған нитрат емес пе” деп күмәнданып жатқан ешкімді көрмедік. Сатып алып жатыр. Бір қарбыз кем дегенде 350-400 теңгеге жетеді.
Қостанайлық кондитер: “Бенто-торт — әлемді жаулаған жаңа тренд”
Бүгінгі қоғамымызда барлық сала жоғары деңгейде дамып келеді. Соның ішінде кондитер саласы да күн санап түрлі жетілу үстінде. Кондитерлер арасындағы жоғары бәсекелестік оларды жаңа идеялар, ерекше дәмдер және десерттерді безендіру әдістерін ойлап табуға итермелейді. Осылайша, классикалық көп қабатты торттар қатарына корейлік бенто-торттар қосылды.
«Еңбек күніне» орай ең үздік мамандарды мемлекеттік деңгейде ұлықтау керек – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайында әр саланың мамандарын үнемі еңбекке ынталандырып отыру қажет екенін сөз етті.
Арқалық қаласын, Амангелді, Жангелдин аудандарын дамытуға баса мән беріледі
Өңір басшысы Қ.Ақсақалов брифингте мәлімдегендей, облыстың оңтүстік өңірлерін дамытуға барлығы 23,1 млрд теңге бөлінді.
Қостанай облысында автожол саласының бюджеті 55,7 млрд теңгеге жетті
Астанадағы брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов жол жөндеу, ауыз сумен қамту және жылу желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары туралы баяндады.
Қостанайлық кәсіпкерлер қолданыстағы салық мөлшерлемесін төмендетуді сұрайды
Қостанайлық кәсіпкерлер қолданыстағы салық мөлшерлемесін төмендетуді сұрап отыр. Ал, бюджеттің шығынға ұшырауы мүмкіндігін алға тартқан құзырлы мекеме бұған келіскісі жоқ.