Биыл Рудный қаласында ыстық крикетті темір өндіру зауытының құрылысы басталады. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кеншілер қаласына жұмыс сапары барысында болашақ нысанның құрылыс орнында болды.
Зауыт жобасының құны 1 млрд теңгеге жуық. Кәсіпорынды 2027 жылғы желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің Бас директорв Сергей Напольских өңір басшысына жобаны іске асыру үшін әзірленген Жол картасын таныстырды.
“Жерттеу жұмыстары өткен жылдың күз айында атқарылды. Геологтар ұңғымаларға бұрғылау жұмысын жүргізді. Қазір базалық инжиниринг жобасы дайындалып жатыр. Негізгі инжинирингпен айналысатын компания өкілдерімен кездесу өтті. Желтоқсан айында олармен келісім-шартқа қол қойылды. Болашақ зауыттың коммуникациялық жұмыстары үшін 7 жоба әзірленіп, техникалық тапсырмалар әзір. Зауытты еуропалық және американдық компаниялар салатын болады. Біз жобаны қазақстандық заңнаманың нормаларына бейімдейміз”, – деді Бас директор.
Жобаның бірінші кезеңінің құны 460 млрд теңге. Алғашқыда жылына 2 млн тонна өнім өндіру жоспары тұр. Алдағы төрт жылдың ішінде зауыт толық аяқталады деп күтілуде. Модульге арналған құрылыстың жалпы ауданы – 540 гектар. Облыс әкімі жаңа зауыт бюджетке жылына 60 млрд теңгеге жуық салық түсеретінін айтты.
“Мемлекет басшысының шикізатты терең өңдеу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде қуаттылығы 4 миллион тонна ыстық крикетті темір өндіретін және Рудный қаласында 1 000 жаңа жұмыс орнын ашатын зауыт құрылысы басталмақ. Жобаның құны – 920 миллиард теңге. Құрамында темір мөлшері жоғары, сапалы металдандырылған өнім өндіруден басқа, бюджетке жыл сайын шамамен 60 миллиард теңге түсім жасау жоспарлануда. Бұл республика үшін бірегей өндіріс. Сонымен қатар, жеке инвестицияларды тарта отырып, экономиканың өзге де секторларын белсенді дамыту және жоспарланған инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау қажет”, – деді Қ.Ақсақалов.
Кездесу барысында Ақтөбе-Қостанай газ құбырының болашағы сөз болды. Бұл жаңа зауыт өндіріске серпін беретінін айтты.
Зауыт жұмысымен танысқан соң, Құмар Ақсақалов Рудный қаласының дамуына қатысты кеңес өткізді. Қаланың 2024 жылға арналған бюджеті 56,2 млрд теңге, бұл өткен жылдың бекітілген бюджетінен 45%-ға артық.
“Жалпы, жылдың қорытындысы бойынша бюджетті нақтылауды ескере отырып, Рудный қаласының бюджетін 66 млрд теңге деңгейіне көтеру жоспарланған. Жылумен жабдықтауға 6,8 млрд теңге бөлінді. Қалаішілік желілерді жөндеуге қосымша 245,0 млн теңге бөлінеді. Жеке инвестициялар есебінен 5 үйді және бюджет қаражаты есебінен 1 үйді қалпына келтіру жоспарлануда”, – деді өңір басшысы.
Биыл кеншілер қаласында 60 пәтерлі тұрғын құрылысы жүргізіледі. Оған 1,2 млрд теңге бөлінді. Жол жөндеуге өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп қаржы бөлінген. Яғни, 1,3 млрд теңге. Бұдан бөлек, сауда-ойын-суық орталығы бой көтеріп, саябақтар мен скверлер салынады. Құмар Ақсақалов бұл қала тұрғындарына бос уақыт пен белсенді демалыс деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Б. Көркембаев