Науырзым ауданы Буревестник ауылының үшінші бөгетінде су арнасынан асып, жеті үй су астында қалды.
Тұрғындар туыстарына көшірілді. Малдары қауіпсіз жерге шығарылды.
Су көтерілген кезде, ЖАО, ТЖ, полиция күштері мен жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер суды өткізу үшін жол төсемін екі жерден ашу туралы шешім қабылдады. Ол жерде К-701 техникасы, экскаватор, тиегіш көліктер жұмыс істеді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Таң ата Буревестник ауылында жағдай тұрақталды. Су деңгейі төмендеді. Эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды. Буревестник ауылындағы су тасқыны жағдайы аудан әкімінің бақылауында.
Науырзым ауданы