8 ақпанда Бурабайда ауыл балаларына арналған IQanat High School of Burabay жаңа заманауи мектеп ғимараты ашылады. Енді жыл сайын Қазақстанның әр өңірінен тағы 800-ге дейін ауыл баласы IQanat мектебінде сапалы білім алып, курстардан өте алады.
Жаңа корпус спорт, ғылым және өнер әлеміндегі ең батыл балалық қиялдарға қанат бітіруге мүмкіндік береді. Мұнда ол үшін барлық жағдай жасалған: планетарий, 400 орындық амфитеатр, IT және STEM зертханалары, 7 мың кітапхана, спорт, хореография және фитнес залдары, шахмат клубы, қыш және бейнелеу шеберханалары, коворгингтер және тіпті дыбыс жазу студиясы.
Шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, мектептің қамқоршылары Тимур Тұрлов, Айдын Рахымбаев және басқа да қазақстандық кәсіпкерлер қатысады.
Ауыл оқушыларының білім деңгейі – еліміздегі өзекті мәселенің бірі екені аян. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі бизнес өкілдеріне қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуден тыс қалмауға үндеуінің іс жүзіндегі айқын көрінісі.