Бұл Наурыз бұрынғыдан өзгерек…

Бұл Наурыз бұрынғыдан өзгерек…

Биылғы Наурыз мейрамы Әулиекөл жерінде ерекше көрініс тапты.

Жылдағыдай емес, әртүрлі кейіпкерді сомдаған мекеме қызметкерлері Қыдыр атаның ақ батасын алып, салтанатты шеруге аттанды.

Мерекеге жиналған қауымды аудан әкімі Жансұлтан Таукенов Наурыз меркесімен құттықтады.

“Дастарқанымызға ақ толып, ырыс пен берекенің бастауы болған бұл күнді дана халқымыз – «Ұлыстың ұлы күні» деп ұлықтаған. Наурыз, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан қастерлі мереке. Наурыз елімізді бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырған мейрам. Тарихи тамырын тереңнен тартқан бұл мереке қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келеді. Еліміздің дамуы және табыстарға жетуі – халқымыздың ынтымағы мен береке-бірлігіне байланысты екені белгілі. Сондықтан да, алдағы ортақ мақсатқа жетудегі ұйымшылдығымыз, бірлігіміз арта берсін!” – деді әкім.

Той шашуы шашылып, жиналған жұрт қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Орталықты аудандық мәдениет үйінің өнер ұжымы думанға бөледі. Марапаттау рәсімі өткізілді. X Factor Kazakhstan жобасының жеңімпазы Ұлпан Жұмабек құрметке бөленді.

Ұлттық ойындар мерекенің шырайын одан сайын аша түсті.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Әулиекөл ауданы

 

Жаңалықтармен бөлісу