«Мемлекеттік жастар саясатын ілгерілету және белсенді, дарынды жастарды қолдау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында диалог алаңы өтті. Диалог алаңы «ЧелМУ» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының Қостанай филиалының базасында ұйымдастырылды.Бұл алаңның қатысушылары: М.Дулатов атындағы КИнЕУ, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, ЧелМУ студенттері болды. Бұл студентттік жастардың өзекті тақырыптар бойынша жүргізілген бесінші диалог алаңында ғаламтор-алаяқтық мәселесі көтеріліп, сонымен қатар оның қаржылық қызметтерге, ақшаны дұрыс жұмсауға, отбасылық бюджетті қолдану мәселелері айтылды. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА