Өрттен зейнеткерді құтқарып қалған әскери қызметкерге құрмет көрсетілді

Өрттен зейнеткерді құтқарып қалған әскери қызметкерге құрмет көрсетілді

Ол күні кеше елімізді ерлігімен тәнті еткен  Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің сержанты Болат Искаков болатын. 

Болат Әлімұлы 15 ақпан күні Қостанай қаласы Қайырбеков көшесі 385 үйде шыққан өрттен зейнеткерді аман алып қалды.

Сонымен қатар сол пәтер де тұратын 15 адамның аман қалуына септігін тигізді. Іс-шараға сержанттың отбасы, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі және әскери бөлімнің жеке құрамы қатысты.

“Әрбір пенде қандай қиын жағдай болмасын көмек қолын созуға даяр болуы керек. 2024 жылдың 15 ақпаны күні сағат 11:30  шамасында әйел адамның көшеден көмек сұраған дауысты естілді. Терезеден айқайлап тұрған адамды байқап, солай қарай жүгірдім. Төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарласып, өзім темір торларды аршып, терезеден ішке кірдім. Ішіте бір қарт әйел екен. Соны далаға алып шықтым”, – дейді Болат Исакаков.

Болат Әлімұлы төрт баланың әкесі. Отбасы мен қызметін қатар алып жүрген оның бойында қарапайымдылық басым. Бұл жөнінде әріптестері үнемі айтып жүреді.

“Болат Әлімұлы біздің жеке құрамда бақылаушы маман болып жұмыс істейді. Біз оны адал азамат, өз ісінің кәсіпқой шебері ретінде білеміз. Осы ерлігі арқылы құтқарушы қырынан таныдық. Бұл кісінің батырлығының еленуіне өте үлкен үлес қосқан  лейтейнант Райсов болатын. Ол басшымызға хабарласып, оқиғаны баяндаған. Бірақ бұл тек арамызда қалсын деген. Шынында ерлікті  тасада жасыру мүмкін емес”, – дейді бірінші атқыштар рота командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Алмас Бақытжанұлы.

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Суреттерді түсірген Айбол Өміртай

Жаңалықтармен бөлісу