“Бүгінгі күннің батырлары”. Ерлігімен еленген тәртіп сақшылары марапатталды

“Бүгінгі күннің батырлары”. Ерлігімен еленген тәртіп сақшылары марапатталды

Қостанайдағы “Мирас” мәдениет үйінде  “Қазіргі заман қаһарманы” атты іс-шара өтті. Онда ерлікті істерімен көрініп жүрген тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді. Оған полиция қызметкерлері, мектеп оқушылары, жалпы саны 300-ге жуық адам қатысты.

Марапат иегерлерінің арасында Жітіқара қаласының патрульдік полицейлері Нұрлан Шүкманов пен Руслан Кожахметов бар. Олар 2023 жылдың қараша айында мұз астына түскен екі адамды құтқарған еді.

Қарабалық ауданының жедел уәкілі Әміржан Топалов 2023 жылдың желтоқсанында улы газбен уланып, пәтерде ұйықтап жатқан анасы мен қызының өмірін сақтап қалған. Арқалық қаласының учаскелік инспекторы Дархан Тұрғанов 2024 жылдың қаңтарында далада үш күн бойы боранда жоғалып кеткен малшыны тапқан. Ізгілікке негізделген іс-шара сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушыларға жүргізуші тарапынан болған оқиға жайында сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Қыс айы малшылар үшін қауіпті уақыт. Себебі ауа райының күрт нашарлап, бұзылуы қазірде. Қаңтар айында Талғат Кенжин есімді азамат мал қараймын деп шығып жоғалып кеткен. Оны Арқалық қаласы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Тұрғанов іздеп тапқан еді.

 

«13-16 қаңтар аралығында Талғат Батырбекұлы есімді азамат өзінің және ауылының жылқыларын іздеп шыққан. Сол сәтте бағытынан адасып кеткен. Аталған азаматты іздестіру барысында ешқандайда оң нәтиже болған жоқ. Оны іздеуге екі жүзден астам адам, елу шақты техника жұмылдырылды. Он алтыншы қаңтар күні іздеу жұмыстары тоқатылғаннан кейін жеке өзім іздеуге бел будым. Восточный ауылынан шамамен 3-4 шақырым жерден табылды. Табылған азаматтың аяқ-қолын үсік шалған. Қазір ем-дом қабылдауда», — дейді Д. Тұрғанов.

Іс-шара да әртүрлі жағдайдағы адамдарға көмектескен полицейлер “Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ” медалімен марапатталды. Марапатты облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әділхан Байдосов табыс етті.

«Полиция қызметі өте үлкен жауапкершілікті аталап ететін қызмет. Себебі біздің қызметкерлер қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа күреспен қатар азаматтардың қауіпсіздігіне де жауапты. Конситуцияға сәйкес еліміздегі ең басты байлық – адамдардың өмірі. Бабаларымыздың жолын жалғаған бүгнгі күннің батыры деп полиция қызметкерлерін айтуға болады», – дейді Ә. Байдосов.

Ата-ана үшін баласының жетістікке жеткені, еліне пайдасын тигізгенінен артық марапат жоқ. Құрметке бөленген тәртіп сақшылары қатарында жиырма үш жастағы Нұрлан  Шукманов та бар. Анасы Салтанат Шүкманованың айтуынша, баласы әке жолын қуып, полиция қызметкері болуды таңдаған.

 «Жолдасым осы сала да 22 жыл қызмет етіп, зейнетке шықты. Бірақ өмірі қысқа болды.  Нұрлан әкесі секілді полицей болуды армандады. Арманына жетіп биыл екінші жыл жұмыс істеп жатқанына. Әріптесі екеуі мұз астына түскен адамды құтқарды дегенді естігенде таңғалдым. Күннің аяз уақытында оңай емес. Дегемен жұмысын жақсы көріп, өзін емес елді ойлаған баламды мақтан тұтамын. Жеке басын емес, елді ойлағаны мені қуантады. Әрқашан мақтанып отырамын», – дейді Салтанат Нұрғалиқызы.

                Бейбіт НҰРМҰХАНОВ 

Суреттерді түсірген Айбол ӨМІРТАЙ

Жаңалықтармен бөлісу