Бүгін Қостанайда “Жайдарман” лигасының облыстық суперфиналы өтеді ????????????????????????????????????

Бүгін Қостанайда “Жайдарман” лигасының облыстық суперфиналы өтеді

Көңілді тапқырлар сайысының жалпы жүлде қоры –  1 550 000 теңге.

 – «Жайдарман»  – әзіл-оспақ командаларының жай ғана сайысы емес, жастардың  шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын алаң. Белсенді жастардың патриотизм мен мәдени тәрбиеге деген қызығушылығын, олардың түрлі мәдени және бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысуына үлкен септігін тигізетін іс-шара, – дейді ұйымдастырушылар.

Оған облыстың қалалары мен аудандарынан 4 команда қатысады. Классикалық финал форматында өтетін сайыс  “визитка”, “сергіту сәті”, “үй тапсырмасы” атты үш кезеңнен құралған.

Жайдарман финалы кешкі сағат 19:00-де қалалық балалар шығармашылық мектебінде өтеді.

Іс-шара Қоғамдық даму басқармасының жанындағы Жастар ресурстық орталығының тапсырысы бойынша ұйымдастырылып жатыр.

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу