Бүгін қала сыртындағы лагерьлерде баспасөз туры ұйымдастырылды

Бүгін қала сыртындағы лагерьлерде баспасөз туры ұйымдастырылды

Өзге өңірдегі лагерьлерде болған келеңсіз жайттарды естіген ата-аналар сыртта жүрген баласының қауіпсіздігіне алаңдайтыны анық. Балалардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында бүгін Қостанай облысындағы қала сыртындағы лагерьлерг\де баспасөз-туры ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова, ата-аналар мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
–Биыл облыста 10 қала сыртындағы балалар лагері жұмыс істейді, оның ішінде сегізі мемлекеттік, екеуі жеке меншік. Мемлекеттік лагерьдің үшеуі жетім балаларға арналған. Онда интернаттық ұйымдардың 413 тәрбиеленушісі демалуда, – деді басқарма басшысы Данагүл Сүйіндікова.


Баспасөз турына қатысушылар Алтынсарин ауданы, Щербаков ауылындағы Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасы, Алтынсарин ауданы, Бозбек ауылы «Болашақ» балалар сауықтыру лагері мен Қостанай ауданындағы «Алтынгүл» балалар сауықтыру лагеріне бас сұқты.
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Жаңалықтармен бөлісу