Бүгін ерлікпен қаза тапқан Дархан Базарбаевтың туған күні

Бүгін ерлікпен қаза тапқан Дархан Базарбаевтың туған күні

Бүгін полиция батыры Дархан Базарбаев 28 жасқа толар еді. Әріптестері марқұмды еске алды.

Жас қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде 2020 жылдың 19 қаңтарында отбасыны қаруланған қаскүнемнен қорғау кезінде қаза тапқан болатын. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі және батырлығы үшін Дархан Базарбаев ҚР Президентінің Жарлығымен III дәрежелі “Айбын” орденімен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталды.

Қостанай облысының барлық полиция бөлімшелерінде жұмыс күні полицейді еске алу құрметіне бір минут үнсіздікпен басталды.

– Дархан кәсіби полиция қызметкері, әрдайым қол ұшын беруге даяр мейірімді және жақсы адам еді. Ол өз жұмысын өте жақсы көрді. Оның жарқын біздің жүрегімізде мәңгіге сақталады, – деді Қостанай ауданының полиция бөліміндегі әріптестері.

Дархан Базарбаевтың отбасы полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалып көрмеген, оларға үнемі қамқорлық пен қолдау көрсетіліп келеді.

Жаңалықтармен бөлісу