Бүгін елімізде алғаш рет Жоғары білім қызметкерлері күні атап өтіледі Сурет министрліктің фейсбук парақшасынан алынды

Бүгін елімізде алғаш рет Жоғары білім қызметкерлері күні атап өтіледі

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атап өтіп, төл мерекемен құттықтады

Естеріңізге сала кетейік, «1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні» Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен Кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.
 “Ғылым және жоғары білім министрлігінің және өзімнің атымнан кәсіби мерекелеріңіз — Жоғары білім қызметкерлері күнімен өздеріңізді шын жүректен құттықтаймыз! Биыл алғаш рет атап өтілетін бұл атаулы күн еліміздің білім беру саласының қарқынды дамуына ерекше ықпал етпек. Кәсіби мамандарымыздың қоғамдағы маңызын айқындай түспек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы баса көңіл бөліп отырған жоғары білім саласы мен ғылымды дамыту әрбіріміздің міндетіміз әрі борышымыз болып қала бермек. Әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын білімді, білікті мамандарды даярлауда, еліміздің жоғары білім мен ғылыми әлеуетін арттыруда алға қойған міндеттеріміз бен мақсаттарымыз көп. Әріптестер, әрбіріңіздің еңбектеріңіз – ел дамуының негізі! Баршаңызға шығармашылық табыс, зор денсаулық және жоғары білім саласындағы бар жетістіктеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Білім мен ғылым жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!” – деді министр.

Жаңалықтармен бөлісу