Бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Облыстық ПД қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Рудный қаласының екі тұрғынына күш қолданып, моральдық қысым көрсеткен топтың бұған дейін адамдардан бірнеше автокөлік, мотоцикл, қарда жүретін көлік, сондай-ақ iPhone 15 маркалы 5 телефон мен ақша қаражатын бопсалап келгені белгілі болды.

Осылайша жалпы сомасы 12 млн теңге материалдық шығын келтірген.

“Тінту барысында олардан бірнеше пышақ, сигналдық тапанша, оқу гранатасы, автокөлік, ақша қаражаты және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жаңалықтармен бөлісу