Бүгін саған он екілер шамасында Амангелді кентіндегі “КамАз орталығы” аумағында газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы хабар келіп түскен еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қайрат Қасым оқиға болған жерден журналистердің сауалына жауап берді.
“Жедел штабтың шұғыл әрекетінің нәтижесінде сағат 15.00-дегі жағдай бойынша, оқиға болған жерден зардап шеккен үш адам табылды, оның екеуі ауыр халде. Ауыр жағдайға тап болған 13 адам тізімге алынды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілуде. Оның екеуі үйіне жіберіліп, жетеуі аруханада ем қабылдап жатыр. Жұмыс берушілерден табылмай жатқан әлі де үш адам болуы мүмкін деген ақпарат алып отырмыз. Әзірге адам өлімі тіркелген жоқ”, – дейді Қайрат Қасым.
Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды. Іздеу-құтқару жұмыстары қатты аяз бен көптеген құлаған құрылымдардың салдарынан қиындық тудыруда. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.