Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында бүгін, 20 маусымда Назым Қызайбай (54 келі) финалға жолдама алды.
Жекпе-жек барысында 3 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жартылай финалда Таиланд боксшысы Натнича Чонгпронгклангпен күндізгі сессияны ашты.
Алғашқы раунд қарсыластың еншісіне кетті. Қалған бөлігінде отандасымыз шабуылдағы белсенділігін арттырып, таразы басын өз жағына бұра алды. Қорытынды есеп: 3:2.
