Бөлшек саудадағы бензин құнын өсіру не үшін қажет?

Бөлшек саудадағы бензин құнын өсіру не үшін қажет?

Энергетика министрлігінің басшысы Б. Ақшолақов бензин мен дизель бағасын не себепті өсіру керегін айтып берді.

Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге баруымыз керек. Оны мойындау керек – бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет, оның ішінде:
-АИ-92 и АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%;
-дизель отынының бағасын литріне – 295 теңгеге, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр.
Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады, – деп хабарлады министр.

Жаңалықтармен бөлісу