Бизнесте әлеуметтік желінің мүмкіндіктерін қалай пайдаланған жөн? Әсіресе, жеке бренд қалыптастыруда кәсібіне, түр сипатына әсері қандай болмақ? Бұл жөнінде белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан Қостанайдың іскер әйелдерімен болған тренингте айтып берді.
«Қазір барлық әлеуметтік желі тегін. Осыны көбіміз пайдаланбаймыз. Оған белгілі бір уақытта шығып тұру танымалдылықты арттырады. Адамға әр істеген жақсы ісін жария етіп отыру маңызды. Сол арқылы тұлға мансабын қалыптастырады», – дейді Динара Сәтжан.
Әрбір жасалған контент жеке кіріс көзінің артуына байланысты аясы да кеңейе түспек. Ол қадам шыққан ортаның беделін өсіруі де ғажап емес. Ондай мысалдар қоғамда өте көп…
«Осы мақсатта өзіміздің қолданып жүрген құралымыздың заманға сай болуына аса мән берген дұрыс. Ол үшін елмен қандай желі арқылы байланысқа шыққан пайдалы болатынын зерттеп алуымыз қажет», – деді спикер.
Қазір кісіні ең танымал ететін ТікТок желісі. Мәселен, Нұрлан имам пандемия кезінде осы желі арқылы халыққа онлайн кеңес беруді қолға алды. Бүгінде ол кісінің бейнелері жастардың тәрбие құралына айналып үлгерді. Нұрлан имамға осы істі бастауына балалары себепші болған.
«Әркімнің бойында осы секілді қабілет күші болады. Ол сол арқылы өзіне меже қоя алады. Ол өскенде модель немесе актер, әнші болуы мүмкін. Алдымен тұлға болып қалыптасуы үшін «алдағы бес жылда немен айналысамын?» деген сауалға жауап іздеуі хақ», – деген Динара Сәтжан тренингке қатысушылардың қарым-қабілеті жайлы ой бөлісуін сұрады.
Ортадан Әлия есімді бойжеткен көтерілді. Ол жеті жылдан бері тігін тігеді екен. Гүлназ атты ару ағаштан түйін түйетін хас шебер болып шықты. Ол өзіне 2022 жылдан бастап тапсырыс түсе бастағанын айтты. Жасаған бұйымдарын кештің қадірлі қонағына тарту етті.
«Сіздерде керемет бұйым бар. Осы жайлы ТікТок желісіне жазсаңыздар, керемет жұлдыз болуға итермелейді. Аудиторияны одан сайын кеңейте түсудің әдістері өте көп. Әр ұлттың арасында контент, сұхбат жазу бейненің қаралымын ұлғайта түсері сөзсіз», – деді Динара Сәтжан.
Бұл жасалған әр контент тарихта қалады, келер ұрпаққа сәлемдеме қалдырудың бірден-бір белгісі. Бір жағы табысқа қалай жеткені жайында саралап отыруға таптырмас құрал.
«Табыстың қырық пайызын осылайша маркетингке жұмсауға тура келеді. Ол – өнімді ұсынауға маңызды жарнама. Сол арқылы бизнес алға жылжиды. Пайдалы стратегия құруға септігін тигізеді. Бизнес бастағанда бәсекелестерді зерттей түсуге жарнама жұмысын арттырған шарт. Осылай таргет қалыптастырамыз. Содан маркетологтардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Осы орайда белгілі маркетолог Игорь Манның жоқ дегенде он кітібан оқуға кеңес берер едім», – деді кәсіби маман.
Бұл бастама табысқа жеткен әр танымал тұлғаның басынан өткен құбылыс. Мысалы белгілі әнші Томас Андерсон осы жұмысқа алты миллион доллар жұмсағанын айтқан. Бір айта кетерлігі, әр тұлғаның кез келген іс-шарасына міндетті түрде қатысатын жанкүйерлері болады. Сол жанкүйерлері үшін жетісіне бір рет желіге шығып тұруы оның танымалдығын еселеп отырары даусыз. Осы тұста жарнаманың тағы бір жарқын көрінісін өндіріс салалары тиімді қолданып келе жатыр. Олар өздерінен шыққан өнімді осы жұлдыздарға сыйға тарту арқылы өздерінің фирмаларына жақсы жарнама жасайды. Сол себепті, контент құру үшін жергілікті халықтың қызығушылығына қарай жұмыс істеу керек.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков