Бизнеске қатысты әрбір іс прокурорлық қадағалау сүзгісі арқылы өтеді

Бизнеске қатысты әрбір іс прокурорлық қадағалау сүзгісі арқылы өтеді

Бас прокуратура бизнесті қылмыстық орбитаға негізсіз тарту тәуекелдерін азайту үшін бірқатар шара қабылдап жатыр. ҚР Бас прокуратурасы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қудалау қызметінің басқарма бастығы Жасұлан Мекебаевтың айтуынша, бизнес қабылданған шаралардың нәтижелерін сезіп отыр.

«Егер бұрын кәсіпкерлерге қатысты ай сайын 150-ге жуық іс тіркелсе, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап олардың саны 2 есеге азайды», — деп түсіндірді спикер ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында.

2024 жылы прокурорлар 46 қылмыстық істі тоқтатты, олардың тоқтатылуына қылмыс құрамының жоқтығын, азаматтық-құқықтық қатынастардың болуын растайтын мәліметтер негіз болды. Бұл ретте ведомство өкілі ТМД елдері арасында Қазақстанда экономикалық қылмыс коэффициенті ең төмен екенін атап өтті. Сонымен қатар, экономикалық құқық бұзушылықтарды қылмыссыздандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.