Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» директоры Данияр Қожахметов тілшімізге берген сұқбатында айтып өтті.
– Данияр Қуанышұлы, қаладағы жастар саясаты жөнінде айта отырсаңыз. Жастар саясатын қаржыландыру мәселесі қалай шешімін табуда?
– Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру Жастар ресурстық орталығының басты жұмыс бағыты. Жастар саясатын қаржыландыру жылма жыл артып келеді. Мәселен, 2023 жылы қаржыландыруға 15 млн 938 мың теңге бөлінсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 31 млн 22мың теңгеге жетті. Онын ішіндежергілікті бюджет есебінен 20 млн 480 мың теңге қарастырылды. Бұл қаражаттар мекеме жұмысын жүргізуге, мекемеге компьютер, принтер сатып алуға, «Еңбек жасақтары» бойынша адамдарды жұмысқа қабылдауға, «Коворкинг орталығын» ашуға және өзге де жоспарлы іс-шаралар өткізуге жұмсалды. Облыстық трансферт есебінен Жастар ресурстық орталығынның қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға көтеруге 6 млн 366 мың теңге бөлінді.
– Орталықта қанша адам қызмет атқарады?
– «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де 7 адам тұрақты жұмыс істейді. Директор, жастармен жұмыс маманы, әдіскер, психолог, smm менеджер, neet маманы және есепші.
– Жастардың демографиялық ахуалы қандай?
– Биылғы ұлттық санақтың қорытындысы бойынша 14-35 жас аралығындағы жастардың саны ел халқының 19,72 % – ын құрады. Ал, қаламызда осы жастағы жастардың үлес саны қала халқының 29,7% – ын (38218) көрсетті, яғни 11371 жас азаматтарымыз бар. Оның 4327-і студент – жастар.
– Жастар ұйымдарының жұмыстары туралы айтсаңыз.
– Қаламыздажастармен тығыз жұмыс жасайтын және жастар саясатын жүзеге асыратын 9 жастар ұйымы бар. Олар: «Жастар азаматтық бастамалар орталығы», «Арқалық жастар футбол клубы», «Жасампаз жастар ұйымы» қоғамдық бірлестіктері болса, оқу орындары қабырғаларында «Жас Орда» өзін-өзі басқару ұйымы (АрПИ), «Жастар ісі жөніндегі ұйым» (гуманитарлык колледж), «Арт тайм АПК» (политехникалық колледж), «Мейірім» (медициналық колледж),«Студенттік парламент» (көпсалалы колледж) және “Аманат” партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымы бар.
– Жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысу деңгейі қалай?
– «Дипломмен, ауылға!» бағдарламасы талай жасқа үлкен демеу, көмек болды деуге болады. 2024 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 12 маманға 4 млн 431 мың теңге көтерме жәрдемақымен әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бюджеттік несиеге 2 маман өтініштерін беріп, мақұлданды, қазіргі таңда ақшаларын күтіп отыр және 2 маман үй алу үшін бағалау жасатып жатыр. «Серпін» бағдарламасы арқылы 51 жас қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтта білім алып жатыр. Олардың бәрі де педагогикалық мамандықта оқиды. «Жасыл Ел» бағдарламасы арқылы жазғы уақыттарда жастардың уақытын тиімді өткізуге, уақытша жұмыс істеуге зор мүмкіндік беріп отыр. Биыл жобаға жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 13 млн 700 мың теңге қаралып, жүзден астам жастар жазғы мезгілде уақытша жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту бөліміне тіркелген 290 жұмыссыз жастар жолдамамен жұмысқа орналастырылды. «Еңбек бағдарламасы бойынша» ауыл жастарынан 2 адам грантқа қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Родина ауылынан Қаракөз Болатова 1 млн 476 мың теңге (СТО) иегері атанды. Қазіргі таңда ғимаратты жалға алып, керекті құрал – жабдықтарға тапсырыс беріп қойды. Восточный ауылынан Рымжан Жәкетова 1 млн 476 мың теңгеге шаштараз саласы бойынша грант алып, бүгінде 1 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл бәрімізге белгілі көктем уақытында елімізде су тасқыны болып қаламызда төтенше жағдай жарияланған болатын. Волонтерлік қызымет пен көмек көрсетуді үйлестіру үшін қаламызда волонтерлік штаб құрылды. Штабтағы еріктілер үйлерден су шығарып, ысытық тамақ ұйымдастырып, гуманитарлық көмек тасымалдап, зардап шеккендерге өз көмектерін көрсетті. Қаламызда ЖОО және колледждер студенттерінен құралған 100 ге жуық ерікті қызымет жасады. Сонымен қатар биылғы жылы Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясы бастау алды.Қала жастары осы экологиялық бағытта да белсенді жұмыстар жүргізді. Соның дәлелі, жылдағы дәстүрмен студент жастар арасында «Арқалық – таза қала» атты «Тазалық кубогы» ұйымдастырылып, қаладағы саябақтар қоқыстан тазартылды. Жыл қортындысында қала әкімінің қатысуымен дәстүрлі түрде өтетін Арқалық қаласы жастарының «Алтын жастар-2024» және «Үздік ерікті-2024» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты жоспардануда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деді. Біз осы сөзді алға қоя отырып, қаламыздың өсіп-өркендеуіне жұмыс жасайтын боламыз.
– Әңгімеңізге рахмет. Жастарымыз жаңашыл істердің жаршысы бола берсін.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы