Бұл – 57,3 млрд теңге. Бөлінген қаражат 108 елді мекенде жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асатын жергілікті маңызы бар автожолдарды және 371 көше учаскесін жөндеуге мүмкіндік береді. Облыстық жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары басқармасының бастығы Олжас Нұрғалиев осылай дейді.
Айтуынша, жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеуге 37,6 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл да жылдағы қаржыдан анағұрлым көп. Қолға алынуға тиісті 140 жобаның 66-сында мердігер анықталды. 57 жобаға конкурс жарияланған. Б.Майлин, Науырзым, Ұзынкөл, Жанкелдин, Жітіқара, Қарасу, Меңдіқара аудандарында әлі қозғалыс жоқ. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 43 шақырымдық жолды жөндеуге әзірлік жұмысы жүргізіліп жатыр. Оның 21,4 шақырымына асфальт төселген. Мәселен, биыл облыстық маңызы бар “Жітіқара-Қамысты-Ливанов” автожолының жүруге жарамсыз 33,5 шақырымы жөнделмек. Бұл Қамысты және Жітіқара ауданын байланыстырады.
“Ауыл- ел бесігі” арнайы жобасы аясында ауылдық елді мекендердің көшелерін жөндеуге 4,2 млрд теңге бөлінді. 13 мамырдағы мәліметке жүгінсек, 45 жобаның 34-іне шарт жасалды. Екеуіне конкурс жарияланды. Ал Қарасу ауданындағы тоғыз бірдей жобаға конкурс өтпеген. Мердігерлік ұйымдар анықталған 34 жобаның 15-не жөндеу жұмыстары басталды, – дейді басқарма басшысы.
Елді мекендердің көшелерін жөндеуге облыстық бюджет қаражатынан 15,4 млрд теңге бөлінді. Әзірге, отыз бес көшені жөндеу жұмыстары басталды. Оның ішінде облыс орталығындағы он көшенің құрылыжөндеу жұмыстары толық аяқталды. Сарыкөл, Рудный, Алтынсарин, Аманкелді, Әулиекөл, Жітіқара, Қарасу, Меңдіқара, Б.Майлин және Арқалық қаласында көше құрылысына конкурс жарияланған жоқ.
Олжас Нұрғалиевтің айтуынша, алғаш рет облыстық бюджет қаражатынан ауылдық жерлерде “жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған” 900-ден астам жол белгілерін орнатуға 37 млн теңге және 35 шақырым жаяу жүргіншілер тротуарларын орнатуға 970 млн теңге бөлінген. Бұл шаралар жол қозғалысы мен инфрақұрылым қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ, жүк көліктерінің елді мекен көшелеріне кіруіне жол бермейді.
Жалпы, өңірде облыстық және аудандық маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 91%-ке артқан. Ал жаңартыған көше жолдарының үлесі 60%-ке тең. Яғни, былтырға қарағанда жол сапасы едәуір жақсарған.
Жергілікті автожолдар желісін қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. Биыл жолдарды жөндеуге 63 млрд теңге бөлінді. Былтырғы жылмен салыстырсақ, ол 13%-ке артық. Жергілікті жолдарды жөндеуге биыл көбірек бөліп отырмыз. Ал руспубликалық мңызы бар жолдарға жазға қарай тағы қосымша қаражат бөлінеді. Жалпы, 1400 шақырым жол және елді мекенденрде 371 көше жөнделеді. Өткен жылы басқарма басшылығына және қала, аудан әкімдеріне әрбір ауылды аралап, көшелерді қашан жөндеуге болатындығын анықтауды тапсырғанмын. Былтыр біраз жұмыс атқарылды. Енді осы жұмыстарды кезең-кезеңімен, жоспарға сәйкес жүргізу керек. Қаражатты біз бөліп отырмыз, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Облыс әкімі жол құрылысына қатысты жұмысқа салғырт қараған Аманкелді, Әулиекөл, Қамысты, Науырзым аудандары мен Арқалық қаласы әкіміне сын айтты. Олар әлі күнге дейін мердігерлермен тиісті шарт жасаспаған.
“Қаражат бар. Бұл міндетті шаруа. Біз мердігерлердің жұмысын зертханалар арқылы үнемі қадағалап отыруымыз керек. Жоғарыда атттары аталған аудандардың әкімдері жұмысты пысықтауы қажет”, -деді өңір басшысы.
Айтуынша, биыл атқарылатын жұмыс ауқымы кең. Оған аудан, қала басшылары жауап беруге міндеттелді.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ