Биыл азаматтық қызметшілердің  жалақысы 20% – ға өседі

Биыл азаматтық қызметшілердің жалақысы 20% – ға өседі

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% – ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылатынын хабарлады. Бұл реформа Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге аспақ.

“Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді”, – делінген ресми мәлімдемеде.

Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды.

Жаңалықтармен бөлісу