«Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасы жүзеге асады

«Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасы жүзеге асады

Бүгін Қостанайда «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты қоғамдық жобасы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Оған облыс әкімі Қ.Ақсақалов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.Буларов және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қ.Баймолдинов қатысты.

Кеңесте этносаралық келісім мен әлеуметтік бірліктің негізгі мәселелері талқыланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов біздің көпұлтты қоғамымыздағы бірліктің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мәдениетін, қоғамдағы бірлік пен келі¬сімді нығайтуға баса назар аударды.

 «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасының мақсаты ұлттық құндылықтарды насихаттау мен сақтау. Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мәдениетін, қоғамдағы бірлік пен келі¬сімді нығайтуға баса назар аудару. Жоба аясында топ мүшлері бірнеше өңірде болып, қолдау тапты. Халыққа қызмет көрсетуге күнделікті атсалысып жүрген мекеме қызметкерлері барынша ашық, байыпты болуы керек», –

деген ойын қосты Лугмар Буларов

«Біз өңірімізді дамыту үшін инвестициялық жобаларды іске асыру мен білікті кадрлар даярлау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Барлық қатысушыларға сындарлы ұсыныстар мен кеңеске белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамын! Күш – бірлікте деп, біз бірігіп облысымызды өркендетіп, одан да мықты етеміз!», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Кездесу сындарлы диалогта өтіп, пікір алмасу болды.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу