Қостанайда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан халықтарының дәстүрлері» бейнероликтер байқауы басталмақ.
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 14 сәуірде ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында облыстық байқау өткізеді.
Байқауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер жұмыстарды (бейнероликтерді) machshenko@kostdaryn.kz электрондық мекенжайына 10 сәуірге дейін жіберулері қажет. Шарт бойынша, аудандық, қалалық білім бөлімдерінен әрі кеткенде 5 жұмыстан қабылданады.