Қостанай қаласының тұрғындары бұдан былай үйде отырып-ақ коммуналдық қызмет ұйымдарымен келісім-шарт жасай алады. Ол үшін dev.integrocity.kz. порталына қосылу керек.
Қалалық әкімдік жуырда «Интегро салалық ақпараттық шешімдер орталығы» ЖШС-мен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін цифрландыру бойынша пилоттық жоба әзірледі.
Аталған жобаның нәтижесінде жаңа ақпараттық портал іске қосылып отыр. Қазіргі күні dev.integrocity.kz. электронды порталында мына үш ұйыммен – «Қостанай-Су» МКК, «ҚЖЭК» МКК, «Тазалық-2012» ЖШС келісім-шарт жасауға болады. Бұрын келісім-шарт жасау үшін коммуналшылардың кеңсесіне баруға тура келетін.
Электронды қызметтің арқасында жұмысты үйден шықпай-ақ бітіруге болады. «Бір терезе» қағидасы коммуналдық қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етпек. Екіншіден, уақыт үнемдеуге де сеп болады.
Қымбат ДОСЖАНОВА.