Бір күнде екі адам суға кетті

Бір күнде екі адам суға кетті

Алғашқы оқиға Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округіне қарасты Лекер елді мекенінің тұсында болған.

Белгілі болғандай,  2003 жылы туған жас жігіт Торғай өзенінің шомылуға тыйым салынған жерінде суға түскен. Ақыр аяғы қайғылы оқиғаға алып келді.

Екінші жағдай Қостанай қаласына жақын Аманкелді селосында болған. Құтқарушылар Тобыл жағалауынан балаларға тиесілі ұялы телефон, велосипед  тауып алады. Көп ұзамай сол тұстан 2010 жылы туған жасөспірімнің мүрдесі шығарылды.

“Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін арнайы белгіленген жерлерде ғана шомылуды сұраймыз. Балаларды судың қасында қалдырмаңыз.  Олар сүрініп құлап, байқаусызда суға түсіп кетуі мүмкін”, – деп ескертеді ТЖД өкілдері.

 

Жаңалықтармен бөлісу