Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
2023 жылдың 24-25 тамыз аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі басталады.
«Осы жылы республикалық тамыз кеңесі алғаш рет жаңа форматта өтеді. Барлық 20 өңір тақырыптық бағыттарға бөлінді. Кеңесте педагог-тәжірибешілер, сарапшылар, білім және психология саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөліседі», – деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
24 тамызда өңірлерде келесі тақырыптық бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
Қостанай облысы “инклюзивті және арнайы білім беру “, – тақырыбын талқыламақшы.