Бибісара Асаубаева Гран-при кезеңінде күміс алды

Бибісара Асаубаева Гран-при кезеңінде күміс алды

Отандасымыз Грузия астанасы Тбилисидегі Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Шахматтан Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы соңғы турда Вейшали Рамешбабумен (Үндістан) тең түсіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді.

Ал Асаубаевамен бірдей келе жатқан Алина Кашлинска (Польша) қарсыласы Мария Музычуктен басым түсіп, 6 ұпаймен жеңімпаз атанды. Жалпы Бибісара Тбилисиде әуелі Сарасадат Академалшариехті, сосын 7-турда Александра Костенюкті ұтты. Қалған партияның бәрінде қарсыласпен тең тарқасқан.

Бибісара – бұл турнирді жеңіліссіз аяқтаған шахматшының бірі.

t.me/sportzhaily

Жаңалықтармен бөлісу