Бибігүл Аққожина Сенат депутаты ретінде ант берді

Бибігүл Аққожина Сенат депутаты ретінде ант берді

Сенаттың жалпы отырысында Бибігүл Аққожина депутат ретінде ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деп ант мәтінін оқыды Б. Аққожина.

Ант қабылдағаннан кейін Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті құрамына сайланды.

 

Tengrinews.kz

Жаңалықтармен бөлісу