Қазақстан әйелдер күштері альянсының қолдауымен биылдан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтананды. Белсенді топ мұнымен тоқтамаймыз деп отыр. Олар жақында 5-9 сыныптарды да тегін тамақтандыру мәселесін де көтермек. Жалпы, әйелдер күштері альянсының Қостанайдағы филиалы үнемі мониторинг жасап жүреді. Бұл жөнінде мониторинг топ жетекшісі Әлия Жүнісова айтып берді.
–Біздің көтерген мәселеміз жерде қалмады. Үніміз Парламентке жетті. Сең қозғалды. Енді биыл тегін тамақтанып жатқан бастауыш сынып оқушыларының ас мәзірін де бақылауға алатын боламыз. Қазір тамақтандырумен жеке фирмалар айналысады. Олар өз қаражаттарын жұмсауда. Қажетті қаражат екінші тоқсанда бөлінеді. Мұнан кейін мониторингтік топ өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, қазір буфеттерде күтірлек картоп, шоколад, мармелад, кока-кола, газды сусындарды сатуға тыйым салмақшымыз. Соның жолын қарастырып жатырмыз», – дейді ол.
Бұған дейін кездесулердің бірінде бастамашыл топ бірнеше талқылау жүргізген. Назарбаев Университетінде зертханада зерттеу де жүргізіпті. Қазір балалардың тілі кеш шығады? Немесе түрлі аурулар көбейіп кетті? Мұның бәрі сол – дұрыс тамақтанбаудан.
– 2021 жылы әйелдер күштері Альянсы ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы кітап шығарды. 2020 жылдан бастап Қазақстан әйелдер Күштері Альянсы өз жұмысын бастады. Қазақстанның барлық өңірлерінде әйелдер Күштері Альянсының мектептегі тамақтану бойынша мониторингтік топтары құрылды. Қостанай облысы бұл жобамен маған айналысуды ұсынды. Естеріңізде болса, 2020 жылы коронавирус болған, бізде белсенді әрекет болған жоқ, бірақ 2021 жылы біз жұмысты жандандырдық. 2021 жылдың мамыр айында ата-аналар қауымы, ҚР Білім және ғылым білім министрлігі, UNICEF балалар қорының өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Біз тегін тамақтану бойынша өз үлесімізді қостық. Президент Әкімшілігіне арнайы хат жібердік. Шын мәнінде, қанша бала тегін мектеп тағамына мұқтаж? Қанша бала тұрмыс төмен отбасында? Қорыта келе, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін тамақтану мәселесін көтердік. Биыл біз 1-4 сынып аралығында балалардың ыстық мектеп тамағымен қамтамасыз етілгеніне қол жеткіздік. Енді біз әлі де теңдестірілген тегін тамақтануға витаминдер қосылуын ұсынудамыз. Мысалы, тамақтануды қарапайым Д, йод және кальций дәрумендерімен, С дәруменімен байытатындай етіп ұйымдастыру керек. Біздің ұсынысымыз 2022 жылы Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасына да енді. Оны да көріп қуандық, – дейді Әлия Жүнісова.
Келесі қадам 5-9 сынып аралығындағы балаларды тегін ыстық тамақ қамту. Жақында Президент Әкімшілігіне, Мәжіліс депутаттарына хат әзріленуде. Бұған дейін де Мәжіліс депутаттары Дания Еспаеваға, Екатерина Смышляева және барлық сенаторларға, осы мәселені көтерген екен.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ