Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облысымыздың белсенді әйелдеріне құттықтау хаттарын табыс етті.
“Нәзік жан иелері жергілікті басқаруға, кәсіпкерлікке және облыс өмірінің әртүрлі салаларына қатысуы барлығына үлгі. 2023 жылғы сайлау нәтижелері қыз-келіншектердің жергілікті басқаруға айтарлықтай қатысқанын көрсетеді”, – деп атап өтті облыс әкімі.
Бүгінде әйелдердің мәслихаттардағы өкілдігі 34% – ға жетті, ал біздің облыстың мемлекеттік қызметшілерінің 65% – дан астамы-әйелдер екен.
Кәсіпкерлік секторында 25 мыңнан астам кәсіпорындар мен ұйымдарды әйелдер басқарады.
Бұл әйелдерге кәсібін дамыту үшін қолайлы жағдай жасалғанын дәлелдейді.