“Домбыра-думан” байқауына Бекзат есімді оқушы бейнетуындысын жолдады. Өзі Науырзым ауданынан екен. Жамбыл ЖББМ 7-сыныбын бітірген. 13 жасар үміткер жүлделілер қатарынан көрінуден дәмелі екенін айтады. Бекзат Аманжолұлы байқау үшін халық күйі “Жастар биін” орындап беріпті. Әділ бағасын арнаулы сарапшылар бере жатар, әзірге қатысушымызға қолдау білдіре отырайық.