Бейімбет Майлин ауданында прокуратураның көмегімен мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Осы жылы ауданның білім беру ұйымдарының 1 432 қызметкеріне жалпы сомасы 25 млн теңге көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері аударылмаған.
Аталған заңбұзушылық қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінінің сақталуына талдау жүргізілгенде анықталған.
“Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылды, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешек өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі”, – дейді Б.Майлин ауданының прокуратура өкілдері.
Оқиғадан кейін еңбек заңнамасының талаптарын бұзуды алдын алу мақсатында, аудан прокуратурасымен еңбек ұжымдарының, аудан басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.