Аманкелді ауданындағы орталық стадионда аудандық «Жалын – 2023» жазғы халықтық спорт ойындар спартакиадасының ашылды. Спорт мерекесі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың сардары, халық батыры Аманкелді Имановтың 150 жылғына және ауданның 95 жылдық мерейтойымен сабақтасып отыр.
Спорттық іс-шара ең алдымен ауыл, ауылдық округ командаларының таныстырылуымен басталды. Кейін «Киелі киік» көрінісі қойылды. Ашылу салтанатымен құттықтау үшін аудан әкімі Талғат Карбозов ауданға қарасты барлық ауыл, ауылдық округтің спортшыларына сәттілік тіледі.
ХХХVI-шы «Өнеріміз саған-Қазақстан» атты облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестивалінің аудандық байқауына қатысып жүлделі орын алған ауыл әкімі мен клуб әдіскерлерін және өнерпаздарды аудан әкімінің грамотасымен, мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне орай ауданымыздың мәдениет саласына өз үлесін қосып жүрген үшін Есенжол Таңатқанұлы, Набира Тұяққызы, Индира Бақытқалиқызы марапатталды.
Сондай-ақ, іс-шарада мен қоғамдық жұмыстарға қатысып, азаматтық белсенді ұстанымы үшін Серікболсын Егеубайұлы, Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының грамотасымен, мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай мәдениет пен өнер саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Олжас Жұмабайұлы, Бақытжамал Сайлауқызы, Бахытгүл Серікқызы, Қостанай облысы «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының» Құрмет грамотасымен, мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай өңіріміздің әлеуметтік – мәдени саласында атқарған абыройлы еңбегі мен саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Ботакөз Төлегенқызы, Айдос Бейсенғалиұлы марапат иегері атанды.
Марапаттау рәсімінен кейін «Тәуелсіздік» саябағынан орталық стадионға дейін облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегерлерінің алау жағу рәсімі өтті.
XXXVI-шы «Өнеріміз саған – Қазақстан»- атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы фестивалінің аудандық байқауының гала концертімен жалғасты. Сүбелі іс-шараның соңында аудан тұрғындары отшашу тамашалады.
Мадина МЕЙРІМ,
ҚӨУ-нің студенті.
Аманкелді ауданы.