Аманкелді ауданында 1 мамыр — Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесі тойланды.
Мерекелік іс-шара ауданның мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің әр ұлттардан құралған шеруімен бастау алды.
Шеру А.Байтұрсынов, Б.Майлин көшелерімен жүріп өтіп, “Жастар” саябағына жиналды. Аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы мерекемен жиналған қауымды құттықтап, өскелең жас ұрпақтың қоғам мен мемлекет өміріне белсене ат салысуына, өз қабілеттерін ашуға ықпал жасап келе жатқан “Елбасы Медалі” жобасы аясында ауданның белсенді, дарынды, білімді шәкірттерін марапаттады. Атап айтсақ, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 11-сынып оқушысы Інжу Қарабекқызы, 10-сынып оқушысы Аруай Еркебұланқызы, Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Иманали Ахметжанұлы.
Мерекелік іс-шара мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Әр халықтың өнерін көрсетіп, ұлттық тағамдардан көрме ұсынылып, жиналған халыққа дәм татқызылды.
Бибіт НҰРМҰХАНОВ,
Аманкелді ауданы