Қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеу, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен бата беру дәстүрін жаңғырту мақсатында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Батаменен ел көгерер» республикалық батагөйлер байқауы онлайн форматта өтті.
Байқаудың Қостанай өңірлік кезеңінде облыстың түкпір-түкпірінен келген 8 үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Өңірлік кезеңде арнайы қазылар алқасы құрылып, қатысушылардың бата беру шеберлігін бағалады.
Қазылар алқасы баталардың мазмұнына, көркемдігіне, ұлттық дәстүрмен үйлесімділігіне және сөз саптау шеберлігіне ерекше мән берді.
Сайыс қортындысы бойынша рудныйлық Сүндет Молдашев үшінші, Шәмшия Қайыркенова екінші орын алды.
Бірінші орынды ғасыр жасап келе жатқан атамыз Қасымхан Алдабергенұлы иеленді
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.
Енді олар Қостанай облысының намысын қорғап, республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды. Бұл байқау ата-бабаларымыздан жеткен асыл мұраны дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, жастарға бата беру дәстүрінің маңызын түсіндіруге бағытталған.
Осындай игі бастамалар рухани құндылықтарды сақтау мен дамытуға септігін тигізері сөзсіз.
Толығырақ газеттен оқисыздар.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Жансая Сәбитбек