Егемендік алған жылдардан бері түрлі өзгерістерді бастан өткерген пошта саласы да елмен бірге әр алауан қиындықтарды артта қалдырды. Алайда, әлі де шешімін күткен істер баршылық.Бүгінде Қазпошта бөлімшелерінде 20 000-нан астам адам еңбек етеді. Еліміздің барлық өңірлерінде пошталық, логистикалық, қаржылық және агенттік қызметтердің кең спектрін көрсетеді. Республика бойынша 2700-ден астам байланыс бөлімшесі бар. Қостанайда “Қазпошта” ОФ-да 191 пошта байланысы бөлімшесі, оның ішінде ауылда 163 бөлімше жұмыс істеп тұр..
Бүкіл ел бойынша филиалдардың ең кең желісі бар компания инфрақұрылымның 70% тозып тұрғанын жасыра алмаймыз. “Қазпоштаның” көлік паркі 2 мың техникадан тұрады. Автопарктің де жағдайы мәз емес. Осыны ескерген басшылық 2024 жылы, әсіресе, ауылдық жерлерде инфрақұрылымға ерекше назар аударуды жоспарлап отыр.
Стратегиялық бастамалардың негізгі мақсаттары – пошта операторларының алдында туындайтын жаңа мүмкіндіктерді пайдалану және Қазпоштаның қазіргі нарықтық жағдайларға бейімделуін арттыру. Бүгінде “Қазпошта” қызметінің негізін құрайтын бизнес компанияның қоржынында қалады және дамуын жалғастырады.
Ұлттық пошта операторы шетелдік және отандық электрондық сауда алаңдарымен әріптестікті белсенді дамытуда. Қазақстандықтар тапсырыстары бар сәлемдемелерді интернет-дүкеннен өздеріне ыңғайлы пошта бөлімшелерінен ала алады, болашақта ірі интернет платформалармен ынтымақтастық болады.
“Қазпошта” АҚ – 2024 жылға арналған қол қою науқаны аяқталуға жақын. Біздің клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін Post.kz сайт арқылы сүйікті басылымдарға онлайн жазылу мүмкіндігі бар, өйткені, адамның поштаға барып, жазылуға уақыты жоқ. Газеттер мен журналдардың жеткізілуін, олардың оқырмандардың қолына уақтылы берілуін бақылауды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өйткені, уақтылы жеткізілмеу деоқырман санының кемуіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
Біздің клиенттеріміздің ыңғайлылығы үшін қазақстандықтардың күнделікті міндеттерін шешуге арналған Post.kz интернет-ресурс әзірленді. Post.kz интернет-ресурс арқылы коммуналдық төлемдерді, оқу ақысын және басқаларын төлеуге болады. Пошта байланысының пилоттық өндірістік объектілерінде өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде post.kz-те ресімделген тапсырыс хаттарды жіберу қызметі ұсынылады. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы клиентке оператордың қатысуынсыз тапсырысты жазбаша хат-хабарларды жіберуді дербес жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Болашақта компания сақтандыру бизнесіне толыққанды қатысу және өз атынан сақтандыру қызметтерін көрсету үшін шетелдік тәжірибені (атап айтқанда, әлемдегі ең ірі пошта операторы Japan Post, сондай-ақ Post Italiane) қолдануды зерттейтін болады.
“Қазпошта” АҚ бизнесті жүргізудің жаңа деңгейіне шығатынын атап өткім келеді. Жаңа онлайн және мобильді қызметтер пайдаланушыларға уақытты, күш-жігерді, шығындарды үнемдеуге көмектеседі. Клиенттерге Қазпошта арқылы қызмет көрсету оңай әрі ыңғайлы болуы үшін жағдай жасауымыз керек.
Алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелерімен облысымыздың барлық тұрғындарын құттықтағым келеді. Отбасыларыңызға бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендей берсін!
Ерік Әліпұлы,
“Қазпошта” АҚ Қостанай ОФ директоры.