Бас редактордың орынбасары – Қанғожин Аслан Жақсылықұлы

 

Лауазымы: Бас редакторың орынбасары

Жұмыс телефоны: 54-84-44


1985 жылы 20 қазанда Жанкелдин ауданында туған.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі.

2007-2008 жылдары Жанкелдин аудандық «Біздің Торғай» газетінде тілші, редактор, 2008-2020 жылдары Қостанай аудандық «Арна» («Көзқарас-Взгляд»), аймақтық «Қостанай-Агро», «Нұрлы таң» газеттерінде және «Қостанай» телеарнасында қызмет етті. «Қостанай таңы» газетінде 2020 жылдың 2 наурызынан бастап жұмыс істейді. Бас редактордың орынбасары.

Облыстық жыр додалары мен айтыстардың жүлдегері. 2014 жылы Б.Майлиннің 120 жылдығына орай «Қостанай таңы» газеті ұйымдастырған мүшәйрада академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы сыйлықты еншіледі. Сондай-ақ 2019 жылы «Жазба айтыс» жобасында үшінші орын иеленді. Басқа да бірқатар байқаулардың жүлдегері. Өлеңдері мен сәтті шыққан айтыстары облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрді.

2013 жылы облыс әкімі сыйлығының иегері атанды. 2018 жылы Қостанай облысының меценаттар клубы тағайындаған «Шабыт» сыйлығын иеленді.