«Бас қаланың бес белесі»

«Бас қаланың бес белесі»

Қазақстанның бас қаласы – ел тәуелсіздігі мен болашаққа ұмтылыстың жарқын символы. Бүгінде Астана халықаралық деңгейдегі заманауи мегаполиске айналды. Елорда тарихында ел дамуына ықпал еткен бірнеше маңызды белестер бар.
Бірінше белес — астананы көшіру туралы шешім.
1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі астананы Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл бастама тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең маңызды саяси шешімдердің бірі болды.

Екінші белес — Ақмоланың Қазақстан астанасына айналуы.
1997 жылдың 10 желтоқсанында Ақмола ресми түрде Қазақстанның астанасы болып жарияланды. Осылайша елдің саяси орталығы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.

Үшінші белес — Астана атауының берілуі.
1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа атау қысқа, мағыналы әрі халыққа түсінікті болды. Сол жылы ЮНЕСКО ұйымы Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атағын беріп, оның қарқынды дамуын жоғары бағалады.

Төртінші белес — жаңа сәулеттік келбеттің қалыптасуы.
2000 жылдардан бастап Астана қарқынды құрылыс алаңына айналды. Қалада «Бәйтерек» монументі, «Ақорда» резиденциясы, «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Хан Шатыр» секілді сәулеттік нысандар құрылды. Бұл ғимараттар елорданың заманауи келбетін қалыптастырып, Қазақстанның даму символына айналды.

Бесінші белес — Астана атауының қайта оралуы.
2022 жылы конституциялық өзгерістер нәтижесінде елорданың бұрынғы атауы – Астана қайта қайтарылды. Бұл шешім халықтың пікірін ескере отырып қабылданды. Қазіргі таңда Астана Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретінде дамуын жалғастырып келеді.
Бүгінгі Астана – жаңашылдық пен өркендеудің, ұлттық рух пен тәуелсіздіктің символы.

Дильназ Айтуарова

студент