Бақытын еңбектен тапқан

Бақытын еңбектен тапқан

Балбөпе Ғалымжанқызы табиғаты сұлу әулеиелі мекен – Әулиекөл ауданының Қояндыағаш ауылында  дүниеге келген. 1964 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Семиозер орта мектебін бітіргеннен кейін ол Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, биология пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады.

Институттан кейін Қостанай қаласындағы №5 мектепте биология пәнінің мұғалімі болып бір жылдай жұмыс істеді.

 «Өмірде қандай дәрежеге қолым жетсе, бір игілікті іс істесем, қоғамнан өз орнымды тауып, дұрыс жүрсем, ең алдымен ата-анамның еңбегі. Әке – балаға сыншы. Біз бес ағайындымыз. Әр салада еңбек етіп, дәрежелі табыстарға ие болдық. Соның бәрі әкеміздің көрегендігінен, ерекше қамқорлығынан деп түсінемін. Егер мен халық сыйлағандай азаматша, ерім сүйгендей жар, балаларым құрметтейтіндей ана бола алсам, соның бәрі ардақты әке-шешеміздің тәрбиесі, өмірлерінің бізге қалдырған нәрі, біздің олардан алып қалған ең үлкен байлығымыз», – дейді Балбөпе Ғалымжанқызы ағынан жарылып.

Мектепте мұғалімдіктен қызметтің талай баспалдағынан өтіп, өңіріміздің кәсіподақ саласына айрықша үлесін қосқан жанның тілшімізбен болған әңгімесін газетіміздің келесі сандарынан оқи аласыздар.

Жаңалықтармен бөлісу