Кеншілер қаласындағы №152 сайлау учаскесінде 2564 сайлаушы тіркелген. Сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 90-нан аса адам дауыс беріп үлгерген.
Дауыс беру учаскесінің төрағасы Дмитрий Петров тұғындардың белсенділігі жақсы екенін айтады.
–Үйден көзі нашар көретіндер, науқастар мен мүгедектер дауыс бере алады. Бізге бір адам өтініш беріп отыр, – дейді Д.Петров.
Сайлау барысын төрт бақылаушы қадағалап отыр.
–Сайлаудың басталғанына екі сағат болды. Таңертең келгендердің дені ерте жұмысқа баратындар. Тұрғындардың дауыс берудегі мәдениетін жоғары бағалауға болады. Бәрі әділ өтуде, ешқандай заң бұзушылық байқалған жоқ, –дейді бақылаушы, “Поколение КЗ” ҚБ өкілі Геннадий Ипатов.
Сералы Мырзабай
Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы
Рудный қаласы