Қостанайда облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен медиасауаттылықты арттыруға арналған форум ұйымдастырылды. Онда облыстық БАҚ өкілдері арнайы ақпараттық кеңес алып, өз ойларын бөлісті.
Мәтінді қалай жазып, жалған ақпаратты қалай ажырату керек, тақырып таңдағанда нені ескеру қажет деген қарапайым қағидаларды медиа тренерлер әңгіме өзегі етіп алып, тыңдаушылардың ол жайлы пікірін білді. Медиа қауымдастықтың проблемалары мен журналистерді толғандыратын жағдайлар ортақ бір аудиторияда талқыланды.
Байқағанымыздай қазіргі жастар жылдам ақпарат таратуға мүдделі әлеуметтік желілерде сауатты жұмыс істеу үшін оқырмандар мен көрермендердің сұранысы маңызды екенін түсінгендей.
«Этика кодексіндегі маңызды прицптердің бірі басылымға шығатын, не болмаса ғаламторда онлайн жарияланатын жаңалықтардағы мәліметтердің толықтығына және расталғанынан көңіл бөлу керек. Әсіресе, журналистерге жазған мақалаларынан зардап шегуі мүмкін адамдарға жанашырлық танытуды ұсынады, кәмелетке толмаған жасөспірімдермен және тәжірибесіз адамдармен байланысқанда сақтықтың керегі айтылады», – дейді медиа тренер Қуаныш Есқабылов.
Журналистер жұртшылықтың ақпарат алу құқығынан басқа кез келген міндеттемеден босатылуы керек. Яғни нақты немесе болжанатын мүдделер қақтығысынан аулақ болғаны жөн. Этика кодексінің бір тармағында «журналистер жарияланған жаңалықтарын ашық түсіндіріп, халықты журналисік кодекс арқылы диалогқа шақыру керек» деп жазылған. Демек, Шындық іздеп, оны жария ету, болған жағдайдағы зардапты азайтуға ықпал жасау, осы қызметтеріне кірісер сәтте тәуелсіз әрекет ету және әр бұл істеріне жауапты болу БАҚ өкілдерінің басты қағидалары болуы тиіс.