Рудный қаласындағы балалар үйіне Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау үшін облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали арнайы барып, тәрбиеленушілермен кездесті.
Бұл іс-шара «Мейірім» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған болатын.
Кездесу барысында балаларды мерекемен құттықтаумен қатар, олардың болашағы мен мамандық таңдау жайлы ашық әңгіме өрбіді.
“Осындай кездесулердің тәрбиелік мәні зор, себебі болашақта дұрыс жол таңдау – әр баланың өз әлеуетін жүзеге асыруының алғашқы қадамы”, – деп атап өтті Ринат Мұхаметқали.
Облыс әкімінің орынбасары балаларға ерекше ықылас білдіріп, әрқайсысына жүрек жылуын сыйлады. «Мейірім» акциясы аясында қоғам назарын балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге аударып, олардың жарқын болашағына үлес қосу мақсат етілген.