Балалардың жағдайы қалыпты

Балалардың жағдайы қалыпты

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Шымкентте 14 баланың уланып қалуына байланысты жедел штаб құрылды. Арасында біздің облыстың балалары да бар. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибарева Facebook-тегі парақшасына жазды.

«Қазіргі уақытта Министрліктің бірінші вице-министрі Шолпан Каринова бастаған өкілдері Шымкенттеміз. Қостанай облысының білім басқармасы басшысы, облыстық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері де осындамыз. Шымкент қаласындағы оқушыларымыздың жағдайы қалыпты, жақсаруда. Қажетті зерттеулер жүргізілуде. Түсініктері үшін ата-аналарға алғыс білідіргім келеді, олармен үнемі байланыстамыз. Балалар үшін психологиялық қолдау ұйымдастырылды, сонымен қатар оларға тәлімгерлері қолдау көрсетуде», – деп жазды Айман Ибраева.

Айта кету керек, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға барлығы 891 оқушы қатысып, бақ сынап жатыр.

Олимпиада барысында 14 қатысушының дене қызуы көтеріліп, ішек-асқазан сырқаты, сондай-ақ бір оқушының денесі бөртіп, «желшешек» диагнозының белгілері байқалып, шұғыл шаралар қабылданған.

 

Шұға ҚОҢҚАБАЙ.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу