Балалардың күлкісі – әлемнің ең әсем әуені!

Балалардың күлкісі – әлемнің ең әсем әуені!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Балалық шақ мекені» республикалық акциясы аясында Қостанай қаласының Сити-орталығында жарқын мерекелік шара өтті.

«Ауыл» партиясы Қостанай өңірлік филиалының белсенділері мен волонтерлері бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл -күй сыйлап, түрлі ойындар мен қызықты байқаулар өткізді. Балалар ән айтып, би билеп, достарымен бірге шат-шадыман уақыт өткізді.

Мереке барысында әр қатысушы тәтті сыйлықтар мен түрлі-түсті шарларға ие болып, қуанышқа бөленді. Балалардың жүзіндегі шаттық пен бақытты сәттер бұл күннің басты көрінісіне айналды.

Өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағы – ел болашағының кепілі. Сондықтан балаларға қамқорлық көрсету мен олардың жарқын болашағына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Әр баланың арманы асқақ, балалық шағы бақытқа толы болсын!

blank blank blank blank blank blank blank blank

#БалалардыҚорғауКүні #БалалықШақМекені #АуылПартиясы #Қостанай