Бұған дейін Жанкелдин ауданының шалғай аумағында орналасқан А. Байтұрсынұлы ауылына су кіре бастағаны туралы хабар тараған еді.
Ауыл азаматтары құтқару қызметінің көмегімен күндіз-түні алдын алу жұмыстарын жасағанымен апат күшейе түсте. Бүгін таңғы алты жарымда аудан әкімі Шота Оспанов тұрғындарды эвакуациялауға өзі бас болып, тік ұшақпен аттанды.
Қазір аудан әкімдігінен осыған арнайы тұрғындарды орналастыратын мектеп интернаты мен салынып жатқан колледж ғимараты дайын екені хабарланды.