А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика факультетінің қабырғасынан белгілі журналист, қоғам қайраткері Байтұрсын Ілиястың есімімен дәрісхана ашылды.
Байтұрсын Ілияс Торғайдың тумасы. ҚазҰУ-ды бітіріп, Қарағанды облысы “Орталық Қазақстан” газетінде еңбек еткен.
Көп жылдар “Егемен Қазақстан” газетінің Қостанай облысындағы тілшісі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде доцент қызметтерін аткарған.
“Тың түлектері”, “Тоғыз перне” атты кітаптары жарық көрген. Бірнеше топтамалық жинақтарға өлеңдері мен очерктері енген.
Аудиторияның салтанатты ашылуына оқу орнының басшылары, қаламгердің шәкірттері, үзеңгілес достары мен әріптестері қатысты.
Өр тұлғаны өскелең ұрпаққа таныту мақсатында бұл жолы журналистика кафедрасының студенттері арасында эссе байқауы жарияланды. Байқау жеңімпазы Диана Маратқызына жүз мың теңге стипендия табысталды. Ұстаз шәкірттері жыл сайын “Байтұрсын Ілияс” атындағы стипендия тағайындап келеді. Туыстарының атынан техникалық құрал-жабдық сыйға тартылды.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы