«Ауыл» партиясының Қостанай өңірлік филиалы былтырғы «Ауыл нақыштары» республикалық фотобайқауы жеңімпаздарының көрмесін өткізді.
Ауыл мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлері мен табиғатын сақтауды насихаттау үшін ұымдастырылған көрмеде ауыл өмірінің сан түрлі айшықтары бейнеленген.
«Бұл «Ауыл» партиясының жаппай және түрлі-түсті жобаларының бірі. Бұл жыл сайынғы байқауға еліміздің барлық аймақтарынан кәсіби фотографтар да, өнер сүйер қауым да қатыса алады. Былтыр 122 фотосуретші қатысты», – дейді ұйымдастырушылар.
Байқау биыл да жалғасын тапқалы тұр. 29 қарашадан келер жылдың 15 қазанына дейін өткізіледі.
Байқау онлайн форматта өтеді. Қатысушылар фотосуреттерді партияның ресми сайты (auyl.kz ) арқылы жібере алады.
Келіңіздер, көріңіздер, қатысып жүлделі болыңыздар!